Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов шаңырақ көтерді (видео)

Жарияланған күні:

Нариман Құрбанов қалыңдығымен
Нариман Құрбанов қалыңдығымен. Видеодан кадр: instagram.com/ aida_baurzhanova

Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, спорттық гимнастшы Нариман Құрбанов шаңырақ көтерді. Оның таңдауы әріптесі Аида Бауыржановаға түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кеше, 8 қыркүйек күні Аида Бауыржанова ұзатылды. Спорттық гимнастика өкілі ұясынан ұшқан күннің видеосын Instagram-дағы парақшасына жариялады.

Одан бөлек, спортшының қалыңдығының үйіне келген сәтін TikTok желісіндегі Жансая Айдосова есімді қолданушы да жүктеген.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Аида Бауыржанова Азия чемпионатында жекелей көпсайыстан төртінші орын алып, Олимпиада лицензиясына қол жеткізе алмады. Бірақ еркін жаттығуда қола медаль иеленді.

Ал Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарында жүлде иеленген тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2158893-olimpiada-oiyndarynyng-kumis-zhuldegeri-nariman-qurbanov-shangyraq-koterdi/