Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиада-2024: Қазақстан құрамасы медаль кестесінде нешінші орында тұр

Жарияланған күні:

Пабло Рамирес, Давид Дегтярев, Ян Цзинлан
Пабло Рамирес, Давид Дегтярев, Ян Цзинлан: Photo by FRANCK FIFE/AFP via Getty Images

Қазақстан құрамасы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте үздік 40 елдің қатарында. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақстан құрамасы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте 39-орында тұр. Франция астанасында қазақстандық спортшылар тоғыз медаль жеңіп алды. Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг), Ақмарал Науатбек (пара дзюдо) алтын медаль еншіледі. Еркін Ғаббасов (пара оқ ату), Нұрдәулет Жұмағали (пара жүзу), Ерғали Шәмей (пара дзюдо) күміс жүлде иеленді.

Ал Дастан Мұқашбеков (пара жеңіл атлетика), Даяна Федосова (пара дзюдо), Зарина Раифова (пара дзюдо), Жұрқамырза Шүкірбеков (пара дзюдо) қола медальге қол жеткізді.

Айта кетейік, Франция астанасы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтті. Жарысқа 182 мемлекеттен 4400 спортшы қатысты. Байрақты бәсекеге Қазақстаннан 44 спортшы бақ сынаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159167-paralimpiada-2024-qazaqstan-quramasy-medal-kestesinde-neshinshi-orynda-tur/