Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында саха халқының ұлттық спортынан екі қола медаль иеленді

Жарияланған күні:

Бірімжан Асылмұрат қола медаль жеңіп алды
Бірімжан Асылмұрат қола медаль жеңіп алды. Фото: Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен (таяқ тарту) медальдар сарапқа салынды. Қазақстандық екі спортшы қолда жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мас-рестлингтен ерлер арасында 65 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы Бірімжан Асылмұрат сынға түсті. Ол қола жүлдеге таласта моңғолиялық спортшы Тцеренцогол Пуревсуренмен кездесіп, қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Осылайша, Асылмұрат V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдесіне қол жеткізді.

Ал әйелдер арасында 55 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы Тахмина Қожамбердиева үшінші орынға таласта Мажарстан өкілін 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы мас-рестлинг жарысына 31 мемлекеттен 98 спортшы сынға түсіп жатыр.

Көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені аударыспақшы Ермек Құралбай салған еді. 60 кг салмақта сынға түскен Ермек финалда Қырғызстан спортшысын жеңіп, алтын медаль иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159278-qazaqstandyq-sportshylar-koshpendiler-oiyndarynda-saha-halqynyng-ulttyq-sportynan-eki-qola-medal-ielendi/