Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмарал Науатбек бастаған Паралимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері елге оралды (фото)

Жарияланған күні:

Қазақстандық пара спортшылар
Қазақстандық пара спортшылар. Фото: olympic.kz

Парижде өткен Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері елге оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 10 қыркүйек Н. Назарбаев атындағы халықаралық әуежайына XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары Ақмарал Науатбек (пара дзюдо) пен Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг), күміс жүлдегерлері Ерғали Шамей (пара дзюдо), Нұрдаулет Жұмағали (пара жүзу), қола жүлдегерлері Даяна Федосова ( пара дзюдо), Зарина Райфова (пара дзюдо) мен Жұрқамырза Шукурбеков (пара дзюдо) және пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара жүзу, волейболды отырып ойнау, пара каноэ құрама команда спортшылары елге оралады.

XVII жазғы Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алды. Жерлесіміз 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.

Күміс медальді 185 кг көтерген Куба өкілі Рамирез Барриентос Пабло жеңіп алса, қола жүлдені 179 кг нәтижесімен Қытай спортшысы Ян Джинлан иеленді.

Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының финалында SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынап, күміс медаль жеңіп алды.

Пара дзюдодан J1 санатында 73 кг салмақта өнер көрсеткен Ерғали Шәмей финалдық белдесуде румыниялық балуан Флорин-Александр Бологаға жол беріп, Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

J2 санаты бойынша 57 келідегі Даяна Федосова қола жүлде үшін белдесуде Түркия өкілі Дёндю Ешилюртты айқын жеңіп, ел қоржынына кезекті жүлдені салды.

Пара дзюдодан әйелдер арасында +70 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында белдескен Зарина Раифова қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Раифова италиялық Каролина Костадан басым түсті.

Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан J2 санатында 90 келі салмақты сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Франция өкілі Насер Зорганиді иппонмен тізе бүктірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159448-aqmaral-nauatbek-bastagan-paralimpiada-chempiondary-men-zhuldegerleri-elge-oraldy/