Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тарих жасадық": жаңа тағайындалған туризм және спорт министрі пара спортшыларды әуежайдан күтіп алды

Жарияланған күні:

Қазақстандық пара спортшылар
Қазақстандық пара спортшылар. Фото: olympic.kz

Астана халықаралық әуежайына XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды. Оларды туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов та күтіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 10 қыркүйек Н. Назарбаев атындағы халықаралық әуежайына XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары Ақмарал Науатбек (пара дзюдо) пен Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг), күміс жүлдегерлері Ерғали Шамей (пара дзюдо), Нұрдаулет Жұмағали (пара жүзу), қола жүлдегерлері Даяна Федосова ( пара дзюдо), Зарина Райфова (пара дзюдо) мен Жұрқамырза Шукурбеков (пара дзюдо) және пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара жүзу, волейболды отырып ойнау, пара каноэ құрама команда спортшылары елге оралады.

Жаңа тағайындалған туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пара спортшыларды күтіп алып, жеңісімен құттықтады.

"Құрметті жаттықтырушылар, жиналған жанкүйерлер, пара спортшыларымыз тарих жасап отыр. 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған батыр ұл-қыздарымыз орталарыңызда. Мемлекет басшысы спортқа ерекше көңіл бөледі. Соның арқасында біздің спортшыларымыз әлемдік додаларда жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Бұл Паралимпиада тарихындағы алғашқы жоғары нәтиже.

Атап айтсақ пара пауэрлифтингтан Давид Дегтяров екі дүркін чемпион атанды, дзюдодан Ақмарал Науатбек ел тарихындағы алғашқы чемпион болды. Ал нысана көздеуден Еркін Ғаббасов тарих жаңартты, пара жүзуден Нұрдәулет Жұмағали Азия рекордын тіркеді. Ерғали Шәмей бауырымыз да дзюдодан күміс иеленді. Дастан Мұқашбек ядроны итеруден Азия рекордын жаңартты. Дзюдода 3 қола жүлдеміз бар. Олар Даяна Федосова, Зарина Раифова мен Жұрқамырза Шүкірбеков Париж төрінен қола медаль алып келді. Осы жеңістермен шын жүректен құттықтаймыз. Біздің басты мақсат көк туымызды желбірету. Жеңіс құтты болсын, қазақ елі", - деді министр.

Айта кетейік, дзюдодан Париж Паралимпиадасының чемпионы Ақмарал Науатбек елге оралып, алдағы жоспары туралы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159469-zhanga-tagaiyndalgan-turizm-zhane-sport-ministri-para-sportshylardy-auezhaidan-kutip-aldy-video/