Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бағалы сыйлық табыстады": бас прокурор Елдос Сметовті марапаттады

Жарияланған күні:

Берік Асылов және Елдос Сметов
Берік Асылов және Елдос Сметов. Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Бас прокурор Берік Асылов Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовпен кездесіп, оған алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстаған. KAZ.NUR.KZ тілшісі дзюдошыға нақты не тарту етілгенін анықтап көрді.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Берік Асылов чемпионды Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап, оның отандық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан зор үлесін атап өткен.

"Бас прокуратура басшылығы Олимпиада чемпионына алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті. Сондай-ақ кездесу барысында Елдос Сметов бас прокуратураның дене шынықтыру-сауықтыру кешенімен танысты", - делінген хабарламада.

KAZ.NUR.KZ тілшісі Елдос Сметоке қандай сыйлық берілгенін анықтады. Бас прокуратураның баспасөз қызметі басшысының айтуынша, Олимпиада чемпионына бас прокуратураның символикасы табысталған.

Еске салайық, Елдос Сметов 60 кг салмақ дәрежесінде Париж Паралимпиадасының финалында франциялық дзюдошы Лука Мхеидзені жеңіп, алтын медаль иеленген еді. Осылайша дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159574-bagaly-syilyq-tabystady-bas-prokuror-eldos-smetovti-marapattady/