Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Қурбанов үйлену тойына дайындығы және ата-анасына берген сыйлықтары туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport+ Qazaqstan арнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Еске салайық, Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, спорттық гимнастшы Нариман Құрбанов шаңырақ көтерген еді. Оның таңдауы әріптесі Аида Бауыржановаға түскен. Ал 8 қыркүйек күні Аида Бауыржанова ұзатылды. Спорттық гимнастика өкілі ұясынан ұшқан күннің видеосын Instagram-дағы парақшасына жариялады.
"Үйлену тойы бір аптадан кейін, келесі сенбіде болады. Кеше ғана ұзату өтті, қазір бәрінде жүйке жұқарды, үйлену тойына дайындалуда", - деді Нариман.
Сондай-ақ спортшы ата-анасына сыйлық жасағанын айтты.
"Жеке компания маған сыйлыққа берген көлікті әкеме бердім, кәсіпкерлер берген пәтерді анама сыйладым. Мен қазір гимнастикадан біраз алыстап кеттім, бірақ жақын арада залға ораламын. Мен жоғары нәтижеге жету үшін тағы төрт жыл жұмыс істеуге дайынмын. Мен өмірімді спортпен байланыстыраудамын. Содан кейін мен әлемдік университетке түсуді, барлық мән-жайды түсіну үшін менеджментті үйренуді жоспарладым, содан кейін елге оралғаннан кейін Қазақстанға барынша пайда әкелуге тырысамын", - деді спортшы.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы Аида Бауыржанова Азия чемпионатында жекелей көпсайыстан төртінші орын алып, Олимпиада лицензиясына қол жеткізе алмады. Бірақ еркін жаттығуда қола медаль иеленді. Ал Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарында жүлде иеленген тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159605-olimpiada-zhuldegeri-nariman-qurbanov-akeme-kolik-anama-pater-syiladym/