Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ тілін өз еркімен үйренген жапон отбасы елді сүйсінтті (видео)

Жарияланған күні:

Жапониялық турист
Жапониялық турист. Скриншот: tiktok/mukushevkaira

Астанаға V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын тамашалауға келген ерлі-зайыпты жапон отбасы қазақ тілінде сөйлеп, ойындар өзіне қатты ұнағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қазақша сөйлейтін жапон отбасының видеосы әлеуметтік желіде кең тарады. Олардың айтуынша, қазақ тілін өз бетімен Жапонияда үйреніп алған.

"Біз Жапониядан келдік. Бұл кісі менің жолдасым. Ол да жапон. Астанадағы көшпенділер ойыны ұнап жатыр. Қазақ тілін Жапонияда өз бетімізше үйреніп алдық. Рақмет, сау болыңыз!", - дейді екеуі.

Ал желі қолданушылары жапон отбасына таңғалып, ризашылықтарын білдірді.

"Қазақ-жапон бір туған", "Димаштын арқасында бүкіл әлем қазақша сөйле" бастады", "Басқа елге барар алдында сол елдің тілін және заңын білу керек деп ойлаймын. Бұл кісілер солай істеген", - деп жазды көпшілік.

Еске салайық, 8 қыркүйекте елордадағы "Астана Арена" стадионында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында қазақ жерін мекен ететін түрлі этнос өкілдерінің балалары Қазақстан Республикасының туын алып шықты. Кейін Қазақстан әнұраны шырқалып, қалыптасқан дәстүр бойынша жарысқа қатысушы мемлекеттер спортшыларының шеруі өтті. Бірінші болып Көшпенділер ойындары алғаш өткен ел – Қырғызстан құрамасының спортшылары шықса, соңында Қазақстан құрамасы шеруді аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159644-qazaq-tilin-oz-erkimen-uirengen-zhapon-otbasy-eldi-suisintti-video/