Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бесасықтан Қазақстан әйелдер құрамасы қарсылас шақ келтірмей, финалға өтті

Жарияланған күні:

Бесасық ойыны
Бесасық ойыны. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бесасықтан Қазақстан әйелдер құрамасы қарсылас шақ келтірмей, финалға шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Елордадағы "Алау" мұз айдыны кешенінде өтіп жатқан жарыстың екінші күні де ұлттық құрама спортшылары қарсыластарынан басым түсті. Қазақстан құрамасы А тобындағы Швеция және Румыния ұлттық құрамаларының асықшыларымен ойнап, екі команданы да 3:0 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан А тобында бірде-бір рет жеңілмей, топтық кезеңді 12 ұпаймен аяқтады. Финалдық ойында қазақстандық асықшылар Ресей спортшыларымен кездеседі.

Айта кетейік, қазір Қазақстан 14 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдемен Көшпенділер ойындарының медаль кестесінде көш бастап тұр. Екінші орынға Қырғызстан (3-7-4), үшінші орынға Ресей (3-2-5) жайғасқан.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Дүбірлі додаға әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159677-besasyqtan-qazaqstan-aielder-quramasy-qarsylas-shaq-keltirmei-finalga-otti/