Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоржынымызға +1 алтын: аударыспақшы Сырым Ізбасаров Көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды

Жарияланған күні:

Аударыспақ ойыны
Аударыспақ ойыны. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

Аударыспақшы Сырым Ізбасаров Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

100 кг салмақта сынға түскен Сырым Ізбасаров финалда моңғолиялық спортшы Ерболат Жеңісбекті жеңді.

Бұл – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан қоржынына түскен 15-алтын медаль.

Кеше, 9 қыркүйекте аударыспақтан Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алған еді. Атап айтқанда, Ермек Құралбай (60 кг), Алмат Ләтіпбек (70 кг) және Дарын Өткелбай (80 кг) жеңіс тұғырына көтерілді.

Көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Дүбірлі додаға әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159766-qorzhynymyzga-15-altyn-tusti-audaryspaqshy-syrym-izbasarov-koshpendiler-oiyndarynyng-zhengimpazy-atandy/