Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық садақшылар Көшпенділер ойындарында тағы екі жүлдені қанжығалады

Жарияланған күні:

Қазақстандық садақшы
Қазақстандық садақшы. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 10 қыркүйекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ ату бойынша "Қалқан" нысанасын көздеуден сайыс өтті. Оған 33 мемлекеттен 120 ер және 60 әйел спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы сапынан ерлер арасында Қасымхан Қанат қола жүлде жеңіп алса, Ербол Тапенов күміс жүлде еншіледі.

Кеше, 9 қыркүйекте "Пута" нысанасы бойынша өткен бәсекеде қазақстандық садақшылар Қанат Қасымхан мен Айкөркем Батихан қола жүлдегер атанса, Жәнібек Құлмырзаев алтын медаль иеленген еді.

Көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Дүбірлі додаға әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеде 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159775-qazaqstandyq-sadaqshylar-koshpendiler-oiyndarynda-tagy-eki-zhuldeni-qanzhygalady/