Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аударыспақтан Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарын алты медальмен аяқтады

Жарияланған күні:

Ермек Құралбай
Ермек Құралбай. Фото: Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы

Бүгін, 10 қыркүйекте Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақ жарысы аяқталды. Бұл спорт түрінен Қазақстан құрамасы бес алтын, бір күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елордадағы Этноауылда екі күнге созылған аударыспақ жарысында Қазақстан құрамасы алты салмақ дәрежесінде медаль еншіледі. Ермек Құралбай (60 кг), Алмат Ләтіпбек (70 кг), Дарын Өткелбай (80 кг), Сырым Ізбасаров (100 кг) және Біржан Қосалиев (+100 кг) алтын жүлде иелнсе, 90 кг салмақ дәрежесінде Есімхан Рахматіллә күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, аударыспақ жарысына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Мажарстан, Қытай, АҚШ және Ресей елдерінен 64 спортшы қатысқан.

Көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Байрақты бәсекенің басты тақырыбы – "Ұлы дала дүбірі" ұраны. Әлемнің 89 елінен келген қатысушылар ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек, садақ ату және халық ойындары сияқты 21 спорт түрінен бақ сынап жатыр. Барлығы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159784-audaryspaqtan-qazaqstan-quramasy-koshpendiler-oiyndaryn-alty-medalmen-aiaqtady/