Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшпенділер ойындары: қазақстандық спортшылар мас-рестлингтен жүлдеге ілікті

Жарияланған күні:

Еркебұлан Ерлан
Еркебұлан Ерлан. Фото: instagram.com / ulttyqatsport.kz

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен (таяқ тарту) медальдар сарапқа салынды. Қазақстандық спортшылар төрт қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 10 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен жарыс аяқталды. Қазақстандық спортшылар жалпы есепте төрт қола медальге қол жеткізді.

Ерлер арасында 105 кг салмақ дәрежесінде Еркебұлан Ерлан мен 75 кг салмақта Ольга Душаева қола жүлдегер атанды.

Ал кеше, 9 қыркүйекте 65 кг салмақта Бірімжан Асылмұрат пен әйелдер арасында 55 кг салмақта Тахмина Қожамбердиева қолда жүлде иеленген болатын.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы мас-рестлинг жарысына 31 мемлекеттен 98 спортшы сынға түсті. Ал бұл спорт түрінен ел намысын 8 спортшы қорғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159815-koshpendiler-oiyndary-qazaqstandyq-sportshylar-mas-restlingten-zhuldege-ilikti/