Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшпенділер ойындары: балуандарымыз қазақ күресінен 12 алтын жеңіп алды

Жарияланған күні:

Роза Нысантайқызы
Роза Нысантайқызы. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен балуандарымыз сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен ерлер мен әйелдер төрт салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Қазақстандық балуандар V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші жарыс күні 4 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде иеленді.

Әйелдер арасында Зарина Сарипова (65 кг) мен Роза Нысантайқызы (70 кг) алтын жүлде алды. Замзагул Файзолланова (77 кг) күміс жүлдеге қол жеткізсе, Альбина Бахиева (+77 кг) қола медаль еншіледі.

Ерлер арасында Ерсұлтан Мұзаппаров (100 кг) пен Нұрдәулет Жарылғапов (+100 кг) алтын жүлде алды. Ерасыл Жанатаев (90 кг) қола жүлде еншіледі.

Айта кетейік, бұл додада қазақстанық балуандар қазақ күресінен барлығы 15 медаль алды: 12 алтын, 1 күміс, 2 қола.

Жарыстың бірінші күні бозкілемде күрескен 8 қазақстандық спортшының барлығы да жеңістің биік тұғырына көтерілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2159899-koshpendiler-oiyndary-baluandarymyz-qazaq-kuresinen-12-altyn-zhengip-aldy/