Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан Қазақстан құрамасы 2 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бүгін, 11 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ ату бойынша "Жамбы" нысанасын көздеуден сайыс өтті. Қазақстан құрамасы сапынан ерлер арасында Жәнібек Құлмырзаев пен Бақберген Сәлімов қола жүлде жеңіп алды.
Осыған дейін дәстүрлі садақ ату бойынша "Қалқан" нысанасын көздеуден Қасымхан Қанат қола жүлде жеңіп алса, Ербол Тапенов күміс жүлде еншіледі.
"Пута" нысанасы бойынша өткен бәсекеде қазақстандық садақшылар Қанат Қасымхан мен Айкөркем Батихан қола жүлдегер атанса, Жәнібек Құлмырзаев алтын медаль иеленген еді.
Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Дүбірлі додаға әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2160258-koshpendiler-oiyndary-qazaqstan-quramasynyng-qorzhyny-tagy-2-zhuldemen-tolyqty/