Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшылар көкпар мен көк бөріден жеңімпаз атанса, қанша сыйақы алады

Жарияланған күні:

Қазақстандық көкпаршы
Қазақстандық көкпаршы. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

Қазақстан құрамасының спортшылары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар мен көк бөрі спортынан жеңімпаз атанса, қанша сыйақы алатыны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sputnik Казахстан ақпарат агенттігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көк бөрі жарысынан алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшылар 10 миллион теңгеден (21 мың доллар) алады. Ал көкпардан бірінші орынға 5 миллион теңгеден беріледі.

"Бұл сыйақыны әр спортшы мен жаттықтырушы алады. Барлығы 12 спортшы және үш жаттықтырушы бар", - деді Қазақстанның ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанова.

Бүгін, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Көшпенділер ойындарының финалында алтын жүлдеге таласады. Сондай-ақ бүгін қазақ пен қырғыз спортшылары көк бөрі спортында да бірінші орынды сарапқа салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2160544-qazaqstandyq-sportshylar-kokpar-men-kok-bori-sportynan-zhengimpaz-atansa-qansha-syiaqy-alady/