Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшпенділер ойындары: соңғы жарыс күні қандай сайыстар өтеді

Жарияланған күні:

Қазақстан мен Түркия құрамалары арасындағы көк бөрі ойыны
Қазақстан мен Түркия құрамалары арасындағы көк бөрі ойыны. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

Бүгін, 13 қыркүйекте Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы жарыс күні бəйге, теңге ілу, құсбегілік, ордо және мангаладан сайыстар өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

13 қыркүйекке арналған жарыс кестесі:

  • Бəйге

"Қазанат" ипподромы

09:00 - 1 600 м – ұшқыр бəйге;

09:30 - 2 400 м – ұшқыр бəйге;

10:00 - 3 200 м – ұшқыр бəйге;

11:00 - 11 000 м – құнан бəйге;

11:45 - 18 000 м – топ бəйге;

12:45 - 9 000 м – жорға;

13:30 - 25 000 м – аламан бəйге;

  • Теңге ілу

Этноауыл

10:00-12:00 – жеті құт – квалификация, финалдық бөлім

  • Құсбегілік

Этноауыл

10:00-13:00 – бүркіт, қаршыға, ителгі – финалдық кезең

  • Ордо

"Алау" Мұз сарайы

10:00 - финалдық кезең

  • Мангала

"Думан" Қонақ үй жəне спорт комплексі

10:00 – квалификация, финалдық кезең.

Айта кетейік, қазір медаль кестесінде Қазақстан құрамасы 86 жүлдемен (33 алтын, 25 күміс, 28 қола) көш бастап тұр. Екінші орынға Қырғызстан жайғасты. Бұл құраманың қоржында 53 медаль бар (16 алтын, 17 күміс, 20 қола). Ал үздік үштікті 34 жүлдемен (11 алтын, 12 күміс, 11 қола) Қырғызстан түйіндеп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2160874-koshpendiler-oiyndary-songgy-zharys-kuni-qandai-saiystar-otedi/