Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәйгүлік Қабирханның иесі бәйгеге қосқан екі тұлпар Көшпенділер ойындарының жүлдегері атанды

Жарияланған күні:

Бәйге
Бәйге. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында әйгілі Қабирханның иесі Тілек Мұханбетқалиевтің бір тұлпары алтын, екінші тұлпары күміс жүлде иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ұшқыр бәйгеден 1600 метр қашықтықта мәре сызығын Қабирханның иесі Тілек Мұханбетқалиевтің "Шағала" атты жүйрігі бірінші болып кесті. Екінші орынды Қазақстанның тағы бір сәйгүлігі "Арлан" иеленсе, үздік үштікті де еліміздің жүйрігі "Струна" түйіндеді.

  • 1-орын: Шағала, жокей – Рамазан Табылдиев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тілек Мұханбетқалиев (Қазақстан);
  • 2-орын: Арлан, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Тұрғанжан Юлдашев, ат иесі – Бұлғынов Мерхат (Қазақстан);
  • 3-орын: Струна, жокей – Расул Алпысбай, бапкері – Есбол Нурасилов, ат иесі – Асылан Жиембет (Қазақстан).

Сондай-ақ ұшқыр бәйгеден 2400 метр қашықтықтағы жарыс жеңімпаздары да анықталды. Бұл бәйгеде алғашқы үштікті Қазақстан жүйріктері иеленді. Мәре сызығына алғаш болып "Берил Рэйсер" келсе, екінші орынды Тілек Мұханбетқаеливтің "Адайы" иеленді. Ал үздік үштікті "Роузлайн" түйіндеді.

  • 1-орын: Берил Рэйсер, жокей әрі бапкері – Асланбек Байкенов, бапкері Байкенов Асланбек, ат иесі – Бахтияр Байзаков (Қазақстан).
  • 2-орын: Адай, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тілек Мұханбетқалиев,(Қазақстан);
  • 3-орын: Роузлайн, жокей әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі – Карабай КФХ (Қазақстан).

Еске салайық, қазақстандық тұлпар Қабирхан Көшпенділер ойындарындағы бәйгеге қатыспайтынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2160964-saigulik-qabirhannyng-iesi-baigege-qosqan-eki-tulpar-koshpendiler-oiyndarynyng-zhuldegeri-atandy/