Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы Көшпенділер ойындарында теңге ілуден алтын медаль жеңіп алды (видео)

Жарияланған күні:

Бақыт Төлтай
Бақыт Төлтай. Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында теңге ілуден Қазақстан құрамасының спортшысы Бақыт Төлтай алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Елордадағы этноауылда өткен теңге ілуден жеті құт сайысында Бақыт Төлтай қарсылас шақ келтірмей, бірінші орын иеленді.

Кеше, 12 қыркүйекте теңге ілу жарысында Бекнұр Серіков бес белес сайысынан, ал Рахат Қамбаров қос құлаш сайысынан алтын жүлде еншілеген еді.

Айта кетейік, бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ресми түрде аяқталады. Жабылу салтанаты 16:00-де "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінде көрерменсіз өтеді.

Қазір Көшпенділер ойындарының медаль кестесінде Қазақстан құрамасы 86 жүлдемен (33 алтын, 25 күміс, 28 қола) көш бастап тұр. Екінші орынға Қырғызстан жайғасты. Бұл құраманың қоржында 53 медаль бар (16 алтын, 17 күміс, 20 қола). Ал үздік үштікті 34 жүлдемен (11 алтын, 12 күміс, 11 қола) Өзбекстан түйіндеп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2160981-qazaqstandyq-sportshy-koshpendiler-oiyndarynda-tengge-iluden-altyn-medal-zhengip-aldy/