Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды: еліміз жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді

Жарияланған күні:

Бақыт Төлтай
Бақыт Төлтай. Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы

Бүгін, 13 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 қола жүлдемен жалпы командалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Соңғы жарыс күні Қазақстан құрамасының спортшылары 11 алтын, 9 күміс, 9 қола медаль жеңіп алды.

Ұшқыр бәйге (1600 м)

  • 1-орын: "Шағала", жокей – Рамазан Табылдиев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тлек Муканбеткалиев (Қазақстан);
  • 2-орын: "Арлан", жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Турганжан Юлдашев, ат иесі – Булгынов Мерхат (Қазақстан);
  • 3-орын: "Струна", жокей – Расул Алпысбай, бапкері – Есбол Нурасилов, ат иесі – Асылан Жиембет (Қазақстан).

Ұшқыр бәйге (2400 м)

  • 1-орын: "Берил Рэйсер", жокей әрі бапкері – Асланбек Байкенов, ат иесі – Бахтияр Байзаков (Қазақстан);
  • 2-орын: "Адай", жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тлек Муканбеткалиев (Қазақстан);
  • 3-орын: "Роузлайн", жокей әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі – Карабай КФХ (Қазақстан).

Ұшқыр бәйге (3200 м)

  • 1-орын: "Лайф’с Э Бриз", жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері әрі ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан);
  • 2-орын: "Уэст КостНайт", бапкері – Даурен Жусупов, ат иелері – Даурен Жусупов және Карабай КФХ (Қазақстан);
  • 3-орын: "Аляска Тайгер", жокей әрі бапкері – Рамазан Табылдиев, ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан).

Жорға (9 км)

  • 1-орын: "Чиксон Лок", жокей – Жайлообек уулу Чубан, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Жақыпбек Қарыпбеков (Қырғызстан);
  • 2-орын: "Ақ-жауын", жокей – Ербұлан Тілеуғалиұлы, бапкері – Шабдан Алмазбекұлы, ат иесі – Қымбат Тілеуғалиұлы (Қазақстан);
  • 3-орын: "Императрица", жокей – Нурэл Иранов, бапкері – Жайлообекуулу Чубан, ат иесі – Омурбек Бабанов (Қырғызстан).

Құнан бәйге (11 км)

  • 1-орын: "Қамысқұлақ", шабандозы – Амир Серік, ат иесі – Біржан Шаймерденов, бапкері – Қуаныш Шақанбаев (Қазақстан);
  • 2-орын: "Айшуақ", шабандозы – Аңсар Арыстанбек, ат иесі – Алтынбай Қасым, бапкері – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан);
  • 3-орын: "Бақторы", шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш, ат иесі – Айбек Бейсбаев, бапкері – Әділет Ноқатай (Қазақстан).

Топ бәйге (18 км)

  • 1-орын: "Холибой", шабандозы – Бақтыбай Сержан, бапкері – Медет Ералимов, ат иесі – Едил Буралкиев (Қазақстан);
  • 2-орын: "Зымыран", шабандозы – Арнат Мұратхан, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан);
  • 3-орын: "Кемеңгер", шабандозы – Жанболат Марден, бапкері – Саламат Ахметов, ат иесі – Бекболат Серікбеков (Қазақстан).

Аламан бәйге (25 км)

  • 1-орын: "Айқабақ", шабандоз – Ансар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сатпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан);
  • 2-орын: "Жұмыртұяқ", шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан);
  • 3-орын: "Қарақыз", шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керимбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақуулу Изат (Қырғызстан).

Теңге ілу

"Қазанат" ипподромы маңындағы этноауылда өткен теңге ілуден жеті құт стилінен Бақыт Төлтай алтын жүлде алды.

Құсбегілік

Этноауылда құсбегіліктен өткен ақтық сында бүркіт салудан Серікбек Күнтуған алтын жүлдеге ие болды. Ал күмісті Ержан Байқадамов, қола жүлдені Арман Қошқаров иеленді. Ителгі салудан Бағдат Кеуенов қола жүлде иеленді.

Ордо

"Алау" мұз сарайында өткен қырғыз халқының ұлттық ойыны ордодан ақтық сында Қазақстан құрамасы 96:18 есебімен Қырғызстан спортшыларына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Мангала

"Думан" қонақүй және спорт кешенінде өткен түрік халқының зияткерлік ойыны мангаладан әйелдер арасында Құндыз Есіркеп алтын жүлде алса, Айкерім Қуанышбекова қола жүлдеге ие болды. Ерлер арасында Биғали Зкиряев алтын медаль алса, Азамат Қайдаров қола жүлде еншіледі.

Ал Қазақстан құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 1-орынға жайғасты. 18 алтын, 21 күміс, 25 қола иеленген Қырғызстан құрамасы 2-орынға табан тіреді. Өзбекстан 11 алтын, 12 күміс, 11 қола жүлдеге қол жеткізіп, 3-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 90-ға жуық елден 2000-нан астам спортшы бақ сынады. Жалпы саны 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2161125-koshpendiler-oiyndary-aiaqtaldy-qazaqstan-quramasy-qansha-medal-zhengip-aldy/