Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты басталды (тікелей трансляция)

Жарияланған күні:

Қазақстан құрамасы
Қазақстан құрамасы. Фото: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының баспасөз қызметі

Бүгін, 13 қыркүйекте сағат 16:00-де V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты елордадағы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінде өтіп жатыр. Бюджеттің қысқаруына байланысты жабылу рәсімі көрерменсіз хаттамалық форматта өтетіні хабарланған еді.

Іс-шара барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қарақат Әбілдина, Қайрат Баекенов, Гүлсім Мырзабек, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Марат Айтымбай, Мади Сыздықов және т.б. өнер жұлдыздары танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындайды деп жоспарланған. Бұдан бөлек "Наз" мемлекеттік би театры және Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы, "Қамбарқан" фольклорлы-этнографиялық ансамблі (Қырғыз Республикасы) және "Меломен" тобы қатысады.

Айта кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өткен Көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2500-ге жуық спортшы қатысты. Олар спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 114 медальмен (44 алтын, 33 күміс, 37 қола) бірінші орын алды. Ал Қырғызстан құрамасы 64 жүлдемен (18 алтын, 21 күміс, 25 қола) екінші орынға табан тіреді. Үздік үштікті 34 медаль (11 алтын, 12 күміс, 11 қола) еншілеген Өзбекстан түйіндеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2161128-astanada-v-duniezhuzilik-koshpendiler-oiyndarynyng-zhabylu-saltanaty-bastaldy-tikelei-transliatsiia/