Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы АҚШ-та жекпе-жек өткізіп, алғашқы раундта жеңіске жетті (видео)

Жарияланған күні:

Алмат Жұманов
Алмат Жұманов. Фото: instagram.com/qazaqtitan

Қазақстандық спортшы, үш дүркін КИнЭС рекордшысы Алмат Жұманов (Qazaq Titan) 13 қыркүйекте АҚШ-тың Голливуд қаласында жалаң қолмен жұдырықтасу бойынша алғашқы жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Алмат Жұманов 77 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасты. Ол қарсыласы америкалық Rayne Well-ді 1 раундта 3 мәрте нокдаунға түсіріп, нәтижесінде 1 минут 41 секундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл Алмат Жұмановтың жалаң қолмен жұдырықтасу спортындағы алғашқы жекпе-жегі. Ол – америкалық BKFC промоушенімен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ.

Жұманов үш мәрте КИнЭС рекордтар кітабына енген. Оның рекордтары: 1) 109 тонналы вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген. 2) Иыққа түйе көтеріп, сол уақытта арқанмен үш жеңіл көлікті жүргізушілерімен бірге 13 метрге сүйреген. 3) 26 тонналық АН-72 әскери ұшағын 1 метрге сүйреді.

Қазақстандық спортшы 2022 жылы "Ирандық Халк" Саджад Гарибимен рингке шығып, қарсыласын 1-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осы кездесуден кейін BKFC лигасына шақырту алып, Колумбияда өткен екі іріктеу кездесуде қарсыластарын 30, 39 секундта нокаутпен ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2161323-qazaqstandyq-sportshy-aqsh-ta-zhekpe-zhek-otkizip-algashqy-raundta-zhengiske-zhetti/