Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясында Испаниямен тең түсті

Жарияланған күні:

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: Anvar Ilyasov - FIFA/FIFA via Getty Images

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында Испаниямен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионаты аясында Қазақстан құрамасы D тобында Испаниямен тең тарқасты.

Ойынның 5-секундында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Біржан Оразов есепті ашты. Ал матчтың 17-минутында Испания құрамасының ойыншысы Хесус Гордильо есепті теңестірді.

Сондай-ақ футзалдан Қазақстан құрамасы D тобында Ливиямен (18 қыркүйек) және Жаңа Зеландиямен (21 қыркүйек) кездесу өткізеді.

Плей-офф кезеңіне топта үздік атанған 2 құрама тікелей жолдама алады. Сонымен бірге әр топта үшінші орын алған құрамалар арасында үздік атанған 4 команда да плей-офф кезеңіне шығады.

Айта кетейік, Ташкентегі әлем чемпионаты 6 қазанға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2161539-futzaldan-qazaqstan-quramasy-alem-chempionaty-aiasynda-ispaniiamen-teng-tusti/