Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының ойыншысы матч барысында алаңнан қуылды (видео)

Жарияланған күні:

Дәурен Тұрсағұлов
Дәурен Тұрсағұлов. Фото: ANP via Getty Images

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында Испаниямен кездесу өткізіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионаты аясында Қазақстан құрамасы D тобында Испаниямен кездесу өткізіп жатыр.

Ойынның 10-минутында Қазақстан құрамасының мүшесі Дәурен Тұрсағұлов қарсыласқа қарсы дөрекі ойнағаны үшін қызыл қағаз алып алаңнан қуылды.

Дәл қазіргі сәтте Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен алда келеді. Біржан Оразов ойынның 5-секундында гол соғып, құраманы алға шығарған болатын.

Айта кетейік, Ташкентегі әлем чемпионаты 6 қазанға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2161558-qazaqstan-quramasynyng-oiynshysy-match-barysynda-qyzyl-qagaz-alyp-alangnan-quyldy/