Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйде екеніме қуаныштымын": Олимпиада чемпионы Василий Жиров туған жеріне келді

Жарияланған күні:

Василий Жировпен кездесу
Василий Жировпен кездесу. Фото: instagram.com/sapar.sataev

Атланта Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Василий Жиров туған жері Балқаш қаласына келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Балқаш қаласының әкімдігінде Василий Жировпен кездесу өтіп, оған құрмет көрсетілген. Бұл туралы қала әкімі Сапар Сатаев Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Бүгін Қазақстаннан бокстан аты аңызға айналған бірінші әлем чемпионы – Балқаш жолбарысы Василий Жировпен кездесу өтті! Василий – біздің халқымыздың мақтанышы, өзінің еңбегімен және табандылығымен әлемдік спорт аренасында Қазақстан туын көтерген адам. Мен чемпионға спорттың дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін және еліміздің жас спортшыларына берген шабыты үшін шын жүректен алғыс айттым.

Ризашылығымыз бен құрметіміздің белгісі ретінде Василийге дәстүрлі қазақ шапанын кигізіп, оның ұлы жетістіктері үшін алғыс айттық. Біз оның жеңістерімен мақтанамыз және жас ұрпаққа үлгі болып қала беретініне кемел сенеміз! Балқаш жолбарысы – біздің мұрамыз, мақтанышымыз және мәңгілік чемпионымыз!", - деп жазды Сатаев.

Cондай-ақ Василий Жиров бұл жазбаның астына пікір қалдырып, жерлестеріне алғыс айтты.

"Қымбатты жерлестерім, мені жылы қарсы алғандарыңыз үшін тағы да рахмет. Мен үйде екеніме және бәріңізді көргеніме қуаныштымын", - деп жазды Жиров.

Василий Жиров – 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері. Сондай-ақ ол 1999 жылдан 2003 жылға дейін кәсіпқойлар арасында IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2161701-uide-ekenime-quanyshtymyn-olimpiada-chempiony-vasilii-zhirov-tugan-zherine-keldi/