Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Чемпиондар тойы": Нариман Құрбанов Алматыда үйлену тойын өткізді (видео)

Жарияланған күні:

Нариман Құрбанов пен Аида Бауыржанова
Нариман Құрбанов пен Аида Бауыржанова. Фото: instagram.com/kazgymfederation

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов үйлену тойын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Блогер Иван Червинскийдің жазуынша, Нариман Құрбановтың үйлену тойы Алматыда өткен. Тойға Олимпиада, әлем, Азия чемпиондары мен жүлдегерлері де қатысқан.

"Бұл мен бұрын-соңды барған ең чемпиондық той болды", - деп жазды Червинский.

Айта кетейік, Нариман Құрбановтың жұбайы Аида Бауыржанова да гимнаст. Ол Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы, Азия біріншіліктерінің жүлдегері.

Аида Бауыржанова 8 қыркүйекте ұзатылған еді. Спорттық гимнастика өкілі ұясынан ұшқан күннің видеосын Instagram-дағы парақшасына жариялады.

Нариман Құрбанов KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұқбатында қыркүйекте үйленетінін, бұл отбасын құру үшін ең қолайлы кезең деп санайтынын айтқан еді.

"Болашақ жарым Аида да гимнаст, ол да мен сияқты өмірін гимнастикаға арнаған. Біз 2018 жылы Азия ойындарында танысқанбыз, содан бері жақсы қарым-қатынаста болып, бүгінгі күнге дейін бірге келеміз", - деген еді Құрбанов.

Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында тұтқалы ат жаттығуының финалында сынға түсіп, күміс жүлде еншілеген болатын. Осылайша спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарында жүлде иеленген тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2161749-chempiondar-toiy-nariman-qurbanov-almatyda-uilenu-toiyn-otkizdi-video/