Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір автокөлік пен жылқы: Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері құрмет көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Ғұсман Қырғызбаев пен Хамиддин Жарқынбеков
Ғұсман Қырғызбаев пен Хамиддин Жарқынбеков. Фото: instagram.com/turkistan_judo_federation

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа жерлестері автокөлік пен жылқы мінгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Түркістан облысы дзюдо федерациясының мәліметінше, Темірлан ауданының тұрғындары Ғұсман Қырғызбаевты салтанатты түрде қарсы алған. Жерлестері дзюдошыға автокөлік сыйласа, Түркістан облысы дзюдо федерациясының президенті Хамиддин Жарқынбеков федерация және өз атынан жылқы мінгізген.

Еске салайық, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында дзюдодан 66 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола жүлде жеңіп алған еді. Ол үшінші орынға таласта сербиялық дзюдошы Страхинья Бунчичтен "вазари" ұпайымен басым түсті.

Қырғызбаев елге оралған соң оған әуежайда Қазақстан дзюдо федерациясы атынан Toyota Land Cruiser 250 автокөлігі сыйға тартылды. Сондай-ақ кәсіпкер Кеңес Рақышев дзюдошыға KIA EV 6 автомобилін мінгізді. Ал Алматы әкімі Ерболат Досаев бір бөлмелі пәтер, Hyundai Tucson темір тұлпарын және 4 млн теңгенің сертификатын табыстады. Бұдан бөлек спортшыға Түркістан облысы Диxанкөл ауылының тұрғындары сәйгүлік мінгізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2162208-tagy-bir-avtokolik-pen-zhylqy-gusman-qyrgyzbaevqa-zherlesteri-qurmet-korsetti-video/