Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыздарға қарсы ойында жеңіс салымын салған шабандозға бағалы сыйлық табысталды (видео)

Жарияланған күні:

Құрманбек Тұрғанбек
Құрманбек Тұрғанбек. Скриншот: instagram.com/stories/qurmanbek.turganbek

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен көкпардан Қазақстан – Қырғызстан ойынында жеңіс салымын салған Қазақстан құрамасының көшбасшысы Құрманбек Тұрғанбекке ауылдастары ат мінгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Құрманбек Тұрғанбектің Instagram желісіндегі Stories-ке сүйенсек, оны туған жері Жамбыл облысы, Тоғызтарау ауылының азаматтары сән-салтанатпен күтіп алып, сәйгүлік сыйға тартқан.

Еске салайық, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалында кездескен еді. Ойынның бірінші кезеңі 1:3 есебімен қырғыз көкпаршыларының пайдасына шешілді. Бірақ екінші кезеңде есеп теңесті (4:4). Ал қосымша уақытта Құрманбек Тұрғанбектің салымының арқасында Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен болатын.

Құрманбек Тұрғанбек – көкпардан Қазақстан құрамасының көшбасшысы. Ол Көшпенділер ойындарының екі дүркін жеңімпазы (2022, 2024 жыл), "Алтын тұғыр" сыйлығының, "Ғасыр көкпаршысы" атағының иегері.

Бұған дейін Қырғызстан көк бөрі федерациясының өкілдері Қазақстанға 1 қарашада Ыстықкөл жағасында көкпар мен көк бөріден "Келісім кубогын" өткізуді ұсынғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2162262-qyrgyzdarga-qarsy-oiynda-zhengis-salymyn-salgan-shabandozga-bagaly-syilyq-tabystaldy/