Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада жүлдегері Демеу Жадыраевқа ерекше сыйлық тарту етілді (фото)

Жарияланған күні:

Арман Тугаев пен Демеу Жадыраев
Арман Тугаев пен Демеу Жадыраев. Фото: instagram.com / tugayev.arman

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев Атырау облысына арнайы барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Атырау облыстық күрес түрлері федерациясының ұйымдастыруымен аймақта ересектер арасында грек-рим, еркін күрес түрлерінен "Oil Capital Cup Atyrau" халықаралық турнирі өтіп жатыр. Демеу Жадыраев осы жарыстың арнайы қонағы ретінде қатысады.

Атырау облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Арман Тугаев Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа қасқыр терісінен ішік сыйлады.

"Қасқыр мінезді Демеу бауырыма қасқыр терісінен шапан", - деп жазды Арман Тугаев Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Сондай-ақ Арман Тугаев әлеуметтік желідегі парақшасында қырғызстандық балуан Ақжол Махмудовты Атырауда ерекше құрметпен күтіп алған видеосын жариялады. Видеодае Ақжол Махмудов пен Демеу Жадыраев өзара қалжыңдасып, тілдескен сәтін көруге болады.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалда жапон балуаны Нао Кусакадан 5:2 есебімен жеңілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2162358-qasqyr-minezdi-demeuge-qasqyr-terisinen-shapan-federatsiia-prezidenti-baluanga-shapan-zhapty-foto/