Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда спорттағы легионерлерді мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға тыйым салынбақ

Жарияланған күні:

Читать на русском
Футбол добы
Футбол добы. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда спорттағы легионерлерді мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салу көзделіп отыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің ресми жауабында айтылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан азаматы емес спортшыларды мемлекеттік және квазимемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға тыйым салуды көздейтін заң жобасы әзірленген.

"Кәсіби спорт клубтарымен легионерлерді қаржыландыру демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асырылады", - делінген жауапта.

Сондай-ақ бүгінде 180-нен астам спорт түрі республикалық бюджеттен қаржыландырылатыны атап өтілді.

Заң жобасы бірінші кезекте спорттың басым түрлерін, атап айтқанда, ұлттық спорт түрлері, сондай-ақ Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия, ПараАзиада ойындарының бағдарламасына енген, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген спорт түрлерін қаржыландыруды көздейді.

Бұдан бөлек дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган басым спорт түрлерінің республикалық және өңірлік тізбелеріне енгізу үшін спорт түрлерін айқындау жөніндегі өлшемшарттарды әзірлеп, бекіте алады; басым спорт түрлерінің республикалық және өңірлік тізбелерін, сондай-ақ оларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібін әзірлеп, бекіте алады.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесуі барысында шетелдік спортшыларға азаматтық беріп, ел атынан додаға қосу тәжірибесін доғару керек екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2162461-qazaqstanda-sporttagy-legionerlerdi-memlekettik-biudzhetten-qarzhylandyruga-tyiym-salynbaq/