Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парижде Демеу Жадыраевтан жеңілген қырғыз балуаны Қазақстанға келді (видео)

Жарияланған күні:

Ақжол Махмудов, Арман Тугаев және Демеу Жадыраев
Ақжол Махмудов, Арман Тугаев және Демеу Жадыраев. Фото: instagram.com/tugayev.arman

Париж Олимпиадасында Демеу Жадыраевтан жеңілген қырғыз балуаны Ақжол Махмудов Қазақстанға елді. Ол Атыраудағы халықаралық турнирдің құрметті қонағы болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атырау облыстық күрес федерациясының басшысы Арман Тугаевтың жазуынша, Атырауда Oil capital cup халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өткен. Демеу Жадыраев пен Ақжол Махмудов жарыстың құрметті қонағы болған.

Сондай-ақ Жадыраев қырғыз балуанын әуежайдан ерекше құрметпен күтіп алды. Арман Тугаев жариялаған видеодан екі спортшы төс қағыстырып амандасқанын, кейін олар балаларға қолтаңба бергенін көруге болады.

Айта кетейік, Жадыраев пен Махмудов Париж Олимпиадасының ширек финалында кездескен еді. 77 кг салмақ дәрежесіндегі белдесуде қазақ балуаны 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Демеу финалда жапон спортшысы Нао Кусакадан жеңіліп, күміс жүлде иеленді. Ал Ақжол үшінші орынға таласта әзербайжандық Санан Сүлеймановтан басым түсіп, қола жүлде еншіледі.

Атыраудағы Oil capital cup халықаралық турнирі 17-20 қыркүйек аралылғында өтеді. Жарысқа Қазақстан құрамасымен қоса 11 елдің қомандасы және барлығы 300 спортшы қатысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2162730-parizhde-demeu-zhadyraevtan-zhengilgen-qyrgyz-baluany-qazaqstanga-keldi-video/