Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстан футзал құрамасы әлем чемпионатындағы кезекті матчын өткізеді

Жарияланған күні:

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: Anvar Ilyasov - FIFA/FIFA via Getty Images

Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының 2-туры аясында Қазақстан құрамасы Ливиямен кездеседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 18 қыркүйекте Қазақстан құрамасы D тобындағы көшбасшылық үшін таласады. Өйткені әлем чемпионатының екінші ойын күнінде Ливияға қарсы матч өткізеді. Қазақстанның бүгінгі қарсыласы 3 ұпаймен топтық кезеңде 1-орында тұр. Ливиялықтар алғашқы ойындарында Жаңа Зеландияны 3:1 есебімен жеңген. Ал отандастарымыз Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнады.

Ливия футзалдан әлемдік рейтингте 15-орында тұр. Десе де Африка құрлығында үздіктер қатарынан көрініп келеді. Себебі 2024 жылы Африка Ұлттар кубогында қола жүлде жеңген.

Айта кетейік, Қазақстан D тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасады. Ал бүгінгі кездесу Астана уақытымен сағат 17:30-ға жоспарланған. Матчтың тікелей транслациясын Qazsport арнасынан көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2162886-bugin-qazaqstan-futzal-quramasy-alem-chempionatyndagy-kezekti-matchyn-otkizedi/