Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олимпиададан кейін бір күн де демалмадым": қазақстандық спортшы келесі жарыстарға дайындалып жатқанын айтты

Жарияланған күні:

Әмір Маймұратов
Әмір Маймұратов. Фото: JONATHAN NACKSTRAND/AFP via Getty Images

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының үздігі Әмір Маймұратов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарынан кейінгі жоспарларын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Париж Олимпиадасының үздік бестігіне енген Әмір Маймұратов маусым соңына дейін бірқатар жарысқа қатысуды көздеп отыр. 

"Олимпиада біткен соң, бір күн де демалғаным жоқ. Бірден жаттығуға кірісіп кеттім. Жыл соңына дейін мен қатысатын бес турнир бар. Әлем кубогында, Азия чемпионатында, Бүкіләлемдік жағажай ойындарында және Испанияның Мадрид қаласында өтетін екі турнирде бақ сынаймын.

Менің ең негізгі мақсатым – Олимпиада ойындарының чемпионы атану. Бұл арманымнан бас тартпаймын және жеңіске жететін мүмкіндігім бар деп ойлаймын.

Париж Олимпиадасына алтын аламын деген ойым болған. Бірақ финалда қателік жібердім. Енді алдағы  олимпиадалық циклде бұл қателермен жұмыс істеймін.

Жылдамдық бойынша 4.40 секундты бағындырсам деген жоспарым бар", - деді Әмір Маймұратов. 

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан намысын қорғаған жалғыз спортшы Әмір Маймұратов ширек финалға дейін жетті. Ширек финалдық бәсекеде Иран спортшысы Алипур Резадан айласын асыра алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2162994-olimpiadadan-keiin-bir-kun-de-demalmadym-qazaqstandyq-sportshy-kelesi-zharystarga-daiyndalyp-zhatqanyn-aitty/