Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әр қазағым жалғызым": Ұланғасыр Қамиев қазақ спортшысына ақшалай сыйлық жасады

Жарияланған күні:

Дәулет Өсербай мен Ұланғасыр Қамиев
Дәулет Өсербай мен Ұланғасыр Қамиев. Скриншот: instagram.com / usserbai_daulet

Кеше, 22 қыркүйекте Алматыда өткен NAIZA 67 турнирінде жеңіс жеткен Дәулет Өсербайға әнші Ұланғасыр Қамиев 1 миллион теңге сыйға тартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Алматыда өткен NAIZA 67 турнирінде қазақстандық спортшы әрі актер Дәулет Өсербай Иран файтері Пахлаван Даудты қылқындыру әдісі арқылы жеңген болатын. Жекпе-жек алдында эстрада әншісі Ұланғасыр Қамиев спортшы Дәулет Өсербайға қарсыласынан басым түссе, 1 миллион теңге беремін деп уәде еткен болатын.

Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Ұланғасыр Қамиев сөзінде тұрып, елдің көзінше ақшасын мобильді қосымша арқылы Дәулетке аударып берді.

Айта кетейік, Дәулет Өсербай осыған дейін RUH, NAIZA FC лигаларында өнер көрсетті. Аталмыш лигаларда 4 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2164648-ar-qazagym-zhalgyzym-ulangasyr-qamiev-qazaq-sportshysyna-aqshalai-syilyq-zhasady-video/