Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туризм және спорт министрі футбол мен хоккейге бөлінетін бюджетке шектеу қойылатынын айтты

Жарияланған күні:

Ербол Мырзабосынов
Ербол Мырзабосынов. Фото: youtube.com/@erbolatmuhamedjan

Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов футбол мен хоккейдегі бюджетке қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов "Жібек жолы" арнасының журналисі Ерболат Мұхамеджанға берген сұқбатында футбол мен хоккейге бөлінетін бюджетке қатысты пікір білдірді.

"Жергілікті бюджеттер министрлік тарапынан қадағаланатын болады. Нақты 15 спорт түрін бекітеміз және осы бағыт бойынша бюджет қалай бөлінетіні қадағаланады.

Әрине, бізде футбол, хоккей секілді бағыттарда шектеу бар. Дене шынықтыру және спорт бағытында заңнама бойынша арнайы жұмыс атқарып жатырмыз. Бұл жерде лимит мәселесін көтерудеміз. Кейбір өңірлерде 2 миллиард теңгеден асырмау мәселесі бар, бірақ көп өңір бұл шектеуді бұзады. Осыған байланысты біз бюджеттік лимиттерге байланысты футбол, хоккей секілді спорт түрлерін қарастырып жатырмыз. Әрине футболда бюджеттік лимиттер 1-2 миллиард теңгеден аспайтыны анық. Өйткені футболға кететін қаражатты білесіз ғой. Кей мәліметтер бойынша бірқатар өңірде 3-4 миллиард теңгеге дейін жеткен. Сондықтан біз қазір соны 1-2 миллиард теңге түсіру мәселесін қарастырып жатырмыз. Бірақ бұл мәселе әлі зерттеледі.

Біз мемлекеттік спорт түрлеріне әлемдік тәжірибені әкелуіміз керек. Әрине, бұған бір күнде ауысып кету қиын болады. Бірақ сырт елдің тәжірибесін әкеліп, келешекте өздерін-өздері ұстай алатындай жүйені жасауымыз керек. Бүгінде көршілес елдер футболдан Олимпиадаға қатысып жатыр. Бұл бағытта да жүйелі жұмыс жасау керек. Балалар футболынан бастап арнайы жүйе керек.

Айта кетейік, Қазақстан азаматы емес спортшыларды мемлекеттік және квазимемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға тыйым салуды көздейтін заң жобасы әзірленгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2167561-turizm-zhane-sport-ministri-futbol-men-hokkeige-bolinetin-biudzhetke-shekteu-qoiylatynyn-aitty/