Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатының жүлдесіне қол жеткізді

Жарияланған күні:

Нұрай Қазнабек
Нұрай Қазнабек. Фото: World Taekwondo

Қазақстандық таеквондошы Нұрай Қазнабек Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Таеквондодан Қазақстанның жасөспірімдер командасының өкілі Нұрай Қазнабек Оңтүстік Кореяның Чунчхон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстандық спортшы Нұрай Қазнабек 59 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, екінші орыннан көрінді. 

Ақтық кезеңде қазақстандық таеквондошы Нұрай Қазнабек Иран елінің спортшысы Айназ Насириге есе жіберді.

Айта кетейік, бұл жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының осы салмақ дәрежесінде қола медальді канадалық таеквондошы Элла Брюстер мен хорватиялық Мария Углегич өзара бөлісті. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2168737-qazaqstandyq-taekvondoshy-alem-chempionatynyng-zhuldesine-qol-zhetkizdi/