Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Эмоция ғой, ештеңе етпейді": Еліміздің сыртқы істер министрлігі қазақ-қырғыз көкпары жайлы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Көкпаршылар
Көкпаршылар. Фото: sportqory.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте Айбек Смадияровтан Көшпенділер ойындарында Қырғызстаннан келген спортшылардың тәртібіне қатысты түсінік беру сұралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігі көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан командалары арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді.

"Біздің Қырғызстанмен жақсы қарым-қатынастамыз. Спорт саласында дау туындаса ол сол жерде қалуы керек. Бұл жағдайда ешқандай саясат жоқ. Біз ғасырлар бойы көрші болдық және солай қала береміз. Ат үстіндегі ермінезді адамдар ғой. Әрине, олардың қаны қайнап, эмоцияға бой алдырады. Алаңдайтын ештеңе жоқ. Болып тұрады. Бұл екі елдің қарым-қатынасына еш әсер етпейді", - деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Көшпенділер ойындарының финалында кездескен еді. Бұл ойында екі құраманың спортшылары арасында жанжал туды. Кездесу нәтижесі бойынша, 5:4 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Дәл сол күні екі елдің құрамалары көк бөріден Көшпенділер ойындарының финалында ойнады. Бұл бәсекеде Қырғызстан құрамасы 4:10 есебімен басым түскен болатын.

Ал 16 қыркүйекте Қырғызстан көк бөрі федерациясының өкілдері Қазақстанға 1 қарашада Ыстықкөл жағасында көкпар мен көк бөріден "Келісім кубогын" өткізуді ұсынған еді. Осыған қатысты Қазақстан көкпар федерациясы ресми мәлімдеме жасап, жарыстан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2168868-emotsiia-goi-eshtenge-etpeidi-elimizding-syrtqy-ister-ministrligi-qazaq-qyrgyz-kokpary-zhaily-pikir-bildirdi/