Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түркістанның келінімін": қазақстандық спортшы жеңісінен кейін қайын жұртына сәлем салды

Жарияланған күні:

Зәмзәгүл Файзолланова
Зәмзәгүл Файзолланова : youtube.com/@alashprideTV

Alash Pride аралас жекпе-жек лигасы тарихындағы алғашқы чемпион әйел атанған Зәмзәгүл Файзолланова октогонда тұрып қайын жұртына сәлем салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Шығыс Қазақстанда дүниеге келген Зәмзәгүл Файзолланова Түркістан облысы Шардара ауданы, Сүткент ауылының келіні екенін айтып, иіліп сәлем берді.

"Ол менің екінші елім. Егер ана жақта дүниеге келсем, ертең Сүткентте дүниеден озармын. Сондықтан екі елімді бірдей құрметтеймін. Осы жеңісімді Сүткенттің 80 жылдығына арнаймын", - деді Зәмзәгүл.

Еске салайық, Ақтөбеде аралас жекпе-жектен өткен Alash Pride FC 100 мерейтойлық жүзінші турнирінде Зәмзәгүл Файзолланова жеңіске жетіп, лига тарихындағы алғашқы әйел чемпион атанған еді. Ол өзбекстандық Ходжонисо Комолдиновамен жекпе-жекке шығып, бірінші раундта сабмишнмен жеңген болатын.

Сондай-ақ Зәмзәгүл Файзолланова Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, күміс жүлде иеленді. Спортшы финалдық белдесуде италиялық Бетти Вукке есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2169175-turkistan-oblysynyng-kelinimin-qazaqstandyq-sportshy-zhengisinen-keiin-qaiyn-zhurtyna-salem-saldy-video/