Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін әлем чемпионы Сора Рахмонова жолдасымен бірге референдумда дауыс берді

Жарияланған күні:

Сора Рахмонова мен жолдасы
Сора Рахмонова мен жолдасы Нұрсұлтан Орынбасаров. Фото: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстандық спортшы Сора Рахмонова жолдасы Нұрсұлтан Орынбасаровпен референдумда дауыс берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін әлем чемпионы Сора Рахмонова жолдасымен Референдумда дауыс берді. Спорттағы жұлдызды жұп Нұрсұлтан Орынбасаров және Сора Рахмонова Іле ауданы, М.Түймебаев ауылындағы  №404 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Нұрсұлтан Орынбасаров – Алматы облыстық мәслихат депутаты, джиу-джитсудан қара белбеу иегері, грэпплингтен Азия чемпионы, SAGADAT BATYR спорт клубының негізін қалаушы. Сондай-ақ ол джиу-джитсу, аралас жекпе-жек спорт түрлерінен халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, ҚР-ның спорт шебері атанған.

Сора Рахмонова – қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы. Сонымен бірге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері, кикбоксинг, тайбокс, ММА, панкратион секілді спорт түрлерінен ҚР-ның спорт шебері атанған.

Айта кетейік, Сора Рахмонова қазіргі уақытта UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың қарындасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2170449-qoian-qoltyq-urystan-ush-durkin-alem-chempiony-sora-rahmonova-zholdasymen-birge-referendumda-dauys-berdi/