Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Референдум: спортшы Зәмзәгүл Файзолланова Зайсан ауданында дауыс берді

Жарияланған күні:

Зәмзәгүл Файзолланова
Зәмзәгүл Файзолланова. Фото: ШҚО әкімдігі

Отандық танымал спортшы Зәмзәгүл Файзолланова АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.

Заманауи спортта әйелдердің үлкен жетістіктерге жетіп, ұлттық дәстүрлерін сақтауы сирек кездесетін құбылыс. Зайсан ауданының тумасы Зәмзәгүл Файзолланова – сондай қайсар тұлғалардың бірі.

Атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша мәселеге қатысты да спорт шебері өз азаматтық белсенділігін көрсетіп, сайлаудан тыс қалмады. Ол Жаңатұрмыс ауылындағы учаскеге барып, өз дауысын берді.

Дзюдо мен қазақ күресі бойынша спорт шебері 100 жылдық мерейтойлық "Alash Pride" турнирінде жеңіске жетіп, көпшілік үшін күш-жігердің, табандылықтың символына айналды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2170561-referendum-sportshy-zamzagul-faizollanova-zaisanda-dauys-berdi/