Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боксшы Назым Қызайбайға тағы бір қымбат көлік сыйға тартылды (видео)

Жарияланған күні:

Назым Қызайбай мен Қайрат Дүйсенов
Назым Қызайбай мен Қайрат Дүйсенов. Фото: instagram/almatyboxing.kz

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға құрмет көрсетіліп, су жаңа көліктің кілті табысталды. Сондай-ақ спортшының бапкері де назардан тыс қалмады, деп хабарлайды Алматы қаласының бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласының бокс федерациясы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға құрмет көрсетіп күтіп алды. Алматы бокс федерациясының вице-президенті Қайрат Дүйсенов спортшыға Li-6 маркалы автокөліктің кілтін табыстады.

"Өмірде жолың болмайтын сәттер болады. Сол кезде спортшы өз-өзімен сөйлеседі. Міне, бірінші кезекте сен өзіңді жеңген сияқтысың. Іштей өзіңде жеңіп, жақсы көңіл-күймен бардың. Сонымен қатар физикалық дайындығың да керемет болды. Осы екі фактордың арқасында осындай нәтижеге жеттің", - деді Қайрат Дүйсенов.

Назым Қызайбайдың жеке бапкері Долкунжан Камековқа да құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйақы табысталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2170806-boksshy-nazym-qyzaibaiga-tagy-bir-qymbat-kolik-syiga-tartyldy-video/