Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" клубы шетелдік футболшыларға 5 жылда 50 млрд теңге жұмсаған

Жарияланған күні:

"Астана" футбол клубының ойыншылары
"Астана" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com / fca.astana

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

Антикор мәліметінше, жүргізілген қорытынды бойынша отандық спорттың дамуына және әлемдік спорт аренасында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге кедергі келтіретін жүйелі жемқорлық тәуекелдерінің бар екенін айғақтайды.

"Қазіргі заманғы спорт нысандарының жетіспеушілігі спортшыларды сапалы даярлау мүмкіндігін шектейді. Бұл әсіресе спорттық нысандар жиі қол жетімді емес немесе қанағаттанарлықсыз жағдайда болатын аймақтарда байқалады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы кәдімгі жаяу жүргіншілер жолдары мен велосипед жолдарының тапшылығына бағытталған", - делінген Антикор ақпаратында.

Ал еліміз бойынша 374,2 мың м2 жабық спорт ғимараттарының, 376,4 мың м2 бассейндердің тапшылығы байқалады (Алматы, Астана, Түркістан және Алматы облыстарындағы ең үлкен тапшылық). Спорт кешендері мен футбол академияларын салудың орнына спорттық ұйымдар легионерлерді ұстауға көп ақша жұмсаған.

"Мысалы ең қымбат "Астана" ФК (2018-2023 жылдары 50 млрд теңге, құрылтайшысы – Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Қазспортинвест" АҚ "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" корпоративтік қоры және ҰОК) өзінің футбол академиясы мен инфрақұрылымына ие емес. 6 жыл ішінде (2018-2023 жж.) клуб футбол алаңдары мен үй-жайларды жалға алуға 1,4 млрд теңге жұмсады", - делінген ақпаратта.

Аталған факторлардың салдарынан мұндай жағдай үлестес жеткізушілерді іріктеумен, оқу-жаттығу жиындары мен спорт объектілерін жалға алудың жалғандығымен, легионерлерге еңбекақыны асыра бағалаумен, қосарланған қаржыландырумен ұштасқан бюджет қаражатының бақылаусыз игерілуіне алып келді. Талдау қорытындысы бойынша спортты дамыту басымдықтарын қайта қарау, бұқаралық және балалар спортына бюджетті ұлғайту, қаржыландыруды орталықтандыру, өз инфрақұрылымын және балалар академияларын дамыту, сондай-ақ цифрландыруды енгізу бойынша ұсынымдар енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2171016-astana-futbol-kluby-legionerlerge-5-zhylda-50-mlrd-tengge-zhumsagan/