Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Василий Жиров Геннадий Головкинмен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты

Жарияланған күні:

Василий Жиров
Василий Жиров. Фото: youtube.com/@birinshibol

1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы Василий Жиров Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) басшысы Геннадий Головкинмен қарым-қатынасы туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ YouTube желісіндегі "Бірінші бол" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Василий Жиров Қазақстанға келгелі ҰОК басшысы Геннадий Головкинмен кездеспегенін, бірақ бұрындары жақсы қарым-қатынаста болғандарын, тілдескендерін жеткізді.

"Біздің арамызда достық қарым-қатынас бар. Біз бұған дейін онымен кездестік, сөйлестік, бәрі жақсы болған. Біздің қарым-қатынасымыз бірқалыпты, бірақ айтарлықтай өзгеріс жоқ. Жақсы не жаман деп айта алмаймын. Бірақ бұл әңгімеміз алдағы уақытта қалай өрбитінін әзірге айта алмаймын. Былайша адам ретінде жақсы. Қазақстанға келгелі Генамен кездеспедім. Бірақ мен онымен қуана кездесер едім", - деді Василий Жиров.

Сондай-ақ Василий Жиров бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылық құрамына енуге байланысты ұсыныстар болғанын және бұл мәселе өзін ерекше қызықтыратынын айтты.

Айта кетейік, Василий Жиров 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиадада топ жарып, алтын медаль жеңіп алған. Ол әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері (1993, 1995), Азия чемпионы (1995) атанған. Василий Жиров әуесқой бокста 217 жекпе-жек өткізіп, 207 рет жеңіске жетсе, 10 рет жеңіліске ұшыраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2172067-vasilii-zhirov-gennadii-golovkinmen-qarym-qatynasy-zhaily-ashyq-aitty/