Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер командасы Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалында қазақстандық спортшылар үндістандық қарсыластарына есе жіберді.
Кирилл Герасименко алғашқы ойында ұтылды. Одан соң Алан Құрманғалиев қарсыласынан басым түсіп, есепті теңестірген. Артынша Үндістан құрамасы тағы алға шығып кетті.
Ойынның төртінші матчында қазақстандық спортшылар толығымен жеңілді. Онда Кирилл Герасименко Үндістан спортшысынан жеңе алмады. Қорытынды есеп бойынша қазақстандық теннисшілер Үндістан құрамасына 0:3 есебімен есе жіберді. Осылайша Үндістан жартылай финалға шықты.
Айта кетейік, үстел теннисінен Азия чемпионаты 13 қазанға дейін жалғасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2172396-ustel-tennisinen-qazaqstan-quramasy-aziia-chempionatynyng-shirek-finalynda-zhengilip-qaldy/