Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте көтерілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Халықаралық конькишілер одағының жаңартылған әлемдік рейтингінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 11-орынға көтерілді. Ол бұған дейін әлемдік рейтингтің 13-сатысында болған.
Михаил Шайдоровтың әлемдік рейтингтегі жоғарылауына жуырда Астанада өткен "Denis Ten Memorial Challenge" V турниріндегі жеңісі сеп болды. Алтын медаль үшін ол өз қоржынын 300 ұпайға толықтырды.
Аталмыш рейтинг көшін америкалық Илья Малинин бастап тұр. Екінші орынға франциялық Сяо Хим Фа жайғасқан. Үшінші орында жапониялық Као Миура тұр.
Айта кетейік, Астанада 3-5 қазан аралығында өткен "Denis Ten Memorial Challenge" V халықаралық турниріне 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2172484-qazaqstandyq-manerlep-syrganaushy-alemdik-reitingte-zhogarylady/