Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты жалғасуда. Турнир аясында Қазақстан ерлер құрамасы 7-8 орын алу үшін сайысқа түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасы Иран елінен келген спортшыларға қарсы ойнады.
Қазақстандық спортшылар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша отандық команда 7-орынға жайғасты. Бұл ретте қазақстандық спортшылар үш Азия чемпионатында үздік сегіздікке еніп отыр. Бұл турнирде ел намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрмангалиев және Айдос Кенжеғұлов қорғады.
Айта кетейік, Астанада өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалында қазақстандық спортшылар үндістандық қарсыластарына есе жіберді. Кирилл Герасименко алғашқы ойында ұтылды. Одан соң Алан Құрманғалиев қарсыласынан басым түсіп, есепті теңестірген. Артынша Үндістан құрамасы тағы алға шығып кетті. Ойынның төртінші матчында қазақстандық спортшылар толығымен жеңілді. Онда Кирилл Герасименко Үндістан спортшысынан жеңе алмады. Қорытынды есеп бойынша қазақстандық теннисшілер Үндістан құрамасына 0:3 есебімен есе жіберді. Осылайша Үндістан жартылай финалға шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2172594-ustel-tennisinen-qazaqstan-quramasy-tarihi-zhetistikke-zhetti/