Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жарыста 3 медаль жеңді: Ресейде өткен универсиадада атыраулық бойжеткен топ жарды

Жарияланған күні:

Гүлхан Шыңғысхан
Гүлхан Шыңғысхан. Фото: Жеке мұрағаттан

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Гүлхан Шыңғысхан Ресейдің Астрахань қаласындағы "Каспий ойындары" VII халықаралық универсиадасында жеңіл атлетикадан бірден үш медальге ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 1 курс студенті Гүлхан Шыңғысхан "Каспий ойындары" VII халықаралық универсиадасында 3 медаль жеңіп алды. 800, 1500 және 3000 метр қашықтыққа жүгіріп, бір алтын және екі күміс медальге ие болды.

Жылыой ауданының спортшысының айтуынша, жеңіл атлетикадан өткен жарысқа ол алғаш рет қатысуда. Ал спортқа деген қызығушылығы 10 жасында басталған. Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасының қатарында екен.

"Қарсыластарымның барлығы Ресей университеттерінің студенттері болды. Араларында жалғыз қазақ болдым. Жанкүйерлер арасында менің жылдамдығыма таң қалып жатырғандар болды. Бұл менің жеңіл атлетикадағы алғашқы жарысым. Бұрын мектеп қабырғасында оқып жүрген кезімде дене шынықтыру сабағында жақсы жүгіретін едім", - дейді Гүлхан Шыңғысхан.

Спортшы дзюдодан біраз жетістікке жеткен. Аудан, облыс, республика намысын әр түрлі додаларда қорғағанын айтады. Ол Азия, Еуропа кубоктерінің және "Дети Азии" жарыстарының жүлдегері атанған. Биыл дзюдодан еліміздің жастар құрамасына енген.

"Ән салғанды да жаным сүйеді. Бірақ спортқа деген қызығушылығым ерекше болды. Осыны әжем дер кезінде байқап, қолымнан жетектеп дзюдо секциясына апарды. Қазір жетістіктеріме ерекше қуанып отырады", - дейді Гүлхан.

Айта кетейік, Ресейдің Астрахань қаласындағы "Каспий ойындары" VII халықаралық универсиадасы 7-12 қазан аралығында өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2172658-bir-zharysta-3-medal-zhengdi-reseide-otken-universiadada-atyraulyq-boizhetken-top-zhardy/