Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұбайым – өзімнің шәкіртім": Елдос Сметовтің бапкері алғаш рет отбасы жайлы айтты

Жарияланған күні:

Ғалымжан Жылгелдиев
Ғалымжан Жылгелдиев. Фото: youtube.com/@QAZSPORTTV

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев өзінің жеке өмірі жайлы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ғалымжан Жылгелдиев өзінің шәкіртімен отбасын құрып, бүгінде бірнеше бала тәрбиелеп отыр. Өзбек ұлтының өкілін алған Ғалымжан Жылгелдиев кезінде әйелін дзюдо мен самбо бойынша жаттықтырған көрінеді. Бұл туралы ол спорт сарапшысы Айбек Мұхановқа берген сұқбатында айтты.

"Әйелім өзбек ұлтынан. Аты-жөні – Шахида Аминова, екі ұл, бір қызым бар. Кезінде жаттықтырушы болғанымда менде самбо және дзюдо күресімен айналысты. Өзімнің шәкіртім болды", - деді Ғалымжан Жылгелдиев.

Айта кетейік, Ғалымжан Жылгелдиев дзюдодан еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол Олимпиада ойындарының алтын, күміс, қола жүлдесін иеленген Елдос Сметовті ұзақ жылдардан бері жаттықтырып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2172675-ulty-ozbek-eldos-smetovting-bapkeri-ozining-shakirtine-uilengenin-aitty/