Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда спорт басқармасы басшысы 1,7 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Ақша ұстап тұрған ер адам
Ақша ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Антикор Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына қатысты тергеудің аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Дастанбек Қоспанов биыл наурызда ведомствоға қарасты ұйымнан спортшылардың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға бөлінген қаражаттан пара алды деген күдікпен ұсталды. Тергеушілер оның осы және басқа қылмыстарға қатысы бар екенін анықтады.

"Оның ведомствоға қарасты Олимпиадалық резерв даярлау орталығының бапкерінен спортшыларға оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру үшін 1,7 миллион теңге пара алғаны анықталды. Тергеу оның мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірілген өзге де қылмыстарға қатысы барын растады. Аталған қылмыстық істер бойынша күдіктілер мен олардың қорғаушылары сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысуда", - делінген Антикор мәліметінде.

Айта кетейік, Дастанбек Қоспанов Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының тізгінін 2023 жылдың шілдесінде ұстаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2173092-atyrauda-sport-basqarma-basshysynyng-1-7-mln-tengge-para-algany-anyqtaldy/