Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туризм және спорт министрі Бекзат Саттарханов пен Денис Теннің аналарымен кездесті

Жарияланған күні:

Сырлыкүл Саттарханова мен Ербол Мырзабосынов
Сырлыкүл Саттарханова мен Ербол Мырзабосынов. Фото: instagram.com / qazsport_official

ҚР Туризм және спорт министрі Бекзат Саттарханов пен Денис Теннің аналарымен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Qazsport" телеарнасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханованы және Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің анасы Оксана Тенді қабылдады.

Министр халықаралық аренада еліміздің көк туын көкте желбіретіп, әнұранымызды байрақты бәсекелерде шырқатқан саңлақ спортшыларымыз бүгінде арамыздан алыстап кетсе де, есімін ел жадында мәңгі сақтау жолында қос ананың аянбай еңбек етіп жүргенін атап өтті.

Сондай-ақ алдағы уақытта қос саңлақты жастар арасында насихаттау мақсатында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2173482-turizm-zhane-sport-ministri-bekzat-sattarhanov-pen-denis-tenning-analarymen-kezdesti/